Солтүстік Қазақстан облысында «Челябі-Новосибирск» тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— 28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.