Біржолғы әлеуметтік төлем 1665 адамға берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қала әкімі Серік Мұхамедиев Былғары зауыты кентіне барып, жергілікті тұрғындармен тілдесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былғары зауыты кентіндегі судың деңгейі төмендеп, тұрғындар үйлеріне орала бастады. Бүгіндері баспаналарына қайта көшіп келгендерге таза ауыз суды жеткізу мәселесі шешіліп, гуманитарлық көмекті әкелу жайы да ойластырылып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, қоқысты тазарту жұмыстарына арнайы механикалық бригадалар тартылады.

– Қала бойынша тасқын судың салдары 2 мың үй мен 34 саяжай қауымдастығына тиді. Қазіргі уақытта 1665 тұрғын біржолғы әлеуметтік материалдық көмек алды. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда. Заңға сәйкес, табиғи апаттан зардап шеккен азамат назарсыз қалмайды, — деді қала әкімі.

Естеріңізге салсақ, бүгіндері Солнечный кентінде 100 жаңа жер үй салынуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz