Өмірін ғылымға арнаған жан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өмірінің 40 жылын ғылымға арнаған М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Физика» кафедрасының профессоры Андрей Солодовник 70 жасқа толды. Жоғары оқу орнында мерейтойы иесінің құрметіне халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Конференцияда профессордың жоғары ғылыми жетістіктері талқыланып, еліміздің және көрші Ресей мен Швециядан келген әріптестері құттықтады.

Андрей Солодовниктің бастамасымен университет қабырғасында Астрофизикалық зерттеулер орталығы құрылып, 2004 жылы ҚР жоғары оқу орны жанындағы жалғыз планетарийі бар обсерватория ашылды.

– Университетте астрономияның ғылыми мектебі құрылды. Ал Андрей Андреевичтің жетекшілігімен үш кандидаттық және 30-дан астам магистрлік диссертациялар дайындалып, қорғалды. Scopus импакт-факторы бар 10-ға жуық және БҒСҚК ондаған мақалалары жарық көрді. Басылымдардың жалпы саны 260-тан асты, — деді Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Рената Апергенова.

Шарада М.Қозыбаев университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Ғалым Байтұқ көпжылдық достығы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау сөзін оқыды.

dsc 0359

Бұл күні мерейтой иесі «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Конференцияда сөз алған СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев Андрей Солодовникке «Петропавл қаласының Құрметті азаматы» атағы берілетінін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz