Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын балуандарды атады. Олардың қатарында Айыртау ауданының тумасы Эльмира Сыздықова да бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, лицензиялық жарыста Қазақстан намысын алты балуан қорғамақшы.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімі:
50 келі: Лаура Ғаниқызы,
53 келі: Марина Седнева,
57 келі: Лаура Алмағанбетова,
62 келі: Ирина Кузнецова,
68 келі: Елена Шалыгина,
76 келі: Эльмира Сыздықова.
Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Бішкекте әйелдер күресінен өткен додада қазақстандық бірде-бір балуан олимпиада жолдамасына иелік ете алған жоқ.
Онда мына балуандар бақ сынаған еді:
50 келі: Лаура Ғаниқызы,
53 келі: Жұлдыз Ешімова,
57 келі: Эмма Тисина,
62 келі: Ирина Кузнецова,
68 келі: Елена Шалыгина,
76 келі: Жәмила Бақбергенова.