СҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды жеткізудің екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сәуірдің 25-сі және 27-сі күндері №48 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тыйым салынған заттарды жеткізудің екі әрекетін алдын алды. Нәтижесінде 24 жастағы бұрын сотталмаған В. есімді азамат және 45 жастағы С есімді бұрын сотталған азамат анықталып ұсталды. Бірінші жағдайда 5 телефон, сондай-ақ 5 SIM карта, 5 зарядтау блогы, 3 құлаққап және 4 USB сымы, ал екінші жағдайда 7 телефон, 3 SIM карта табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа одан әрі жібере отырып, материалдар жиналып жатыр.