— «Қазсушар» еліміздің су қоймаларының жұмысын қамтамасыз етеді. Енді студенттер «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады, — делінген министрлік хабарламасында.
«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Облыстың төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі — 838 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.
- Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы және транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см–ге дейін төмендеді.
- Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
- Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 83%. Су тасқыны жалғасуда.
- Абай облысында Шүлбі су қоймасы 40%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда..
- Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті.