Еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты су саласының білікті мамандарын даярлауға ден қойылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Су ресурстары және ирригация министрлігі білікті су саласының мамандарын даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін тоғыз ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— «Қазсушар» еліміздің су қоймаларының жұмысын қамтамасыз етеді. Енді студенттер «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады, — делінген министрлік хабарламасында.

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Облыстың төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі — 838 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.

  • Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы және транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см–ге дейін төмендеді.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 83%. Су тасқыны жалғасуда.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 40%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда..
  • Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz