СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтіп, онда 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Алғашқы үш айда облыс экономикасының барлық негізгі салаларында өсім тіркелді. Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуын қамтамамасыз етуді және экономикаға серпін беретін қосымша даму резервтерін қарастыруды тапсырды.