СҚО әкімі су басқан Ойқаладағы сенбілікке қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

1-ші мамырда еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. Бұл күні солтүстікқазақстандықтар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасын қолдап, сенбілікке шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Үндеуді түрлі сала өкілдері: мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар, кәсіпкерлер, спортшылар, этномәдени бірлестіктер мен еріктілер қолдады. Жұртшылықпен бірге су тасқынынан зардап шеккен  Ойқала ықшам ауданындағы көшелер мен үйлердің  аумағын тазартуға қатыстық.

Барша тұрғындарды атаулы мерекемен күнімен құттықтаймын, бірлескен күш-жігердің, бірлік пен өзара сыйластықтың арқасында біз табиғи апаттың барлық қиындықтарын еңсере аламыз, — деді өңір басшысы.

Су тасқыны кезінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы аса маңызды рөл атқаруда. Достық үйінің базасында штаб орналасқан, волонтерлер орталығы мен гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды. Ғауез Нұрмұхамбетов қиын кезеңде өзара көмек пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz