Президент баршаны Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күніндегі өз құттықтауында ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түсетінін баса атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Президент оны татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке деп атады.

— Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл –  әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы, — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын да баса атап өтті.

— Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін, — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz