Су тасқынынан зардап шеккендер сәуір айында «Қызылжар су» ЖШС-не төлейтін қызметтер қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қызылжар су» ЖШС-нің мәліметінше, үйлері су басқан аймақта қалған тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру үшін төлемдер тоқтатылды. Ресми эвакуация басталған сәттен бастап тұрғын үй мәселесі шешілген кезге дейінгі кезең есепке алынады. Прибрежное, Тепличное, Былғары зауыты кенттерінің тұрғындарынан – 12 сәуірден, Заречный – 7 сәуірден, Ойқала – 13 сәуірден, Борки – 14 сәуірден, Орман шаруашылығы ауданы – 15 сәуірден бастап төлемдер алынбайды.
–Жеке есептеу аспаптары бар тұтынушыларға қатысты есептеу аспаптардың көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Есепке алу аспаптары жоқ адамдар үшін 12-14 сәуір аралығында пәтерлерде және тұрғын үйлерде сумен жабдықтаудың болмауына байланысты су тұтыну есебінен қайта есептеу жүргізілетін болады, –деп түсіндірді «Қызылжар су» ЖШС-де.
Зардап шеккендер қарызды бөліп төлей алады. Есептеу бекітілген тарифтерге сәйкес жүргізіледі. Қайта есептеу сәуір айындағы тұтынушылардың жеке шоттарына енгізіледі.