Облыста тасқын су басқан үйлердің жағдайы тексеріліп жатыр. Өңірде құрылған комиссия мүшелері 300-ден астам баспананы зерттеп үлгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсиннің айтуынша, облыста 347 үй тексеріліп, 125-інде бағалау жұмыстары аяқталды.
– 125 үйді бағалау барысында 23-ін қалыпқа келтіруге болатыны туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда 2978 отбасыға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем аударылды. Төленген соманың көлемі 1 млрд. теңгеден асты, – дейді Серік Ғайсин.