«Күміс жас» жобасы аясында 200-ден астам азамат жұмысқа орналасты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да «Күміс жас» жобасы нәтиже беріп жатыр. Үш жылда жұмыссыз жүрген 600-ден астам адам осы бағдарламаның игілігін көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда алғаш рет 50 жастан асқан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасы іске қосылды. Жоба аясында азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. Мәселен зейнеткерлік жасқа жақындаған адамды жұмысқа алған жағдайда 3 жыл бойы жұмыс берушіге еңбекақы мөлшерінің 60-70%, кемінде 30 АЕК — 110 760 теңге бюджеттен субсидияланады.

Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамдарды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналастырады. Егер зейнеткерлікке дейін кемінде 2 жылдай уақыт қалған жағдайда жұмыс беруші оны зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жұмыспен қамтуға міндетті.

«Күміс жас» жобасы қолға алынғаннан бері СҚО-да 50 жастан асқан 600-ден астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Биыл 222 адам жұмысқа алынды, тағы 58 тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Жобаға қатысу үшін жұмыс іздеген адамдар немесе жұмыс берушілер тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы өздігінен өтінім бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz