Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қала тұрғынының жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, оқиға мамырдың 2-сі күні орын алды. Бесінші қабаттан құлаған әйел жедел жәрдеммен ауруханаға сағат 16:51 жеткізілді.
– Әйелдің миы шайқалып, оң жақтағы бірнеше қабырғасы сынған. Сондай-ақ оң жаң өкпесіне зақым келген. Бас сүйегінің жабық жарақаты диагнозы қойылды, – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.