Петропавлда «Қызылжар су» ЖШС бірінші көтеру сорғы станциясын қалпына келтіруге кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта сорғы станциясынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 техника мен 15 адам жұмылдырылған.
–Естеріңізде салсақ, сәуірдің 12-сі күні «Қызылжар су» серіктестігінің бірінші көтеру сорғы станциясын электр қуатымен қамтамасыз ететін бағаналарды мұз бұзып, ішкі ғимаратқа кірді. Салдарынан қала тіршілік нәрінен ажыратылды. Бүгіндері станцияны қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, – делінген ведомство таратқан мәліметте.