СҚО-да су астында 2600-ден астам үй қалып отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 2 678 үй әлі де су астында қалып отыр. Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Облысымыздағы жағдай тұрақталып келеді. Сергеев су қоймасы ернеуінен су 1 метр 20 см асты. Тәулік ішінде 6 см төмендеді. Есіл өзенінің жоғарғы жағында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 25 см, Новоникольское селосында 23 см төмендеді. Ал Петропавлда да су деңгейі 23 см төмендеп отыр. Яғни, тұрақты түрде төмендеу байқалады, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, СҚО су тасқынының басынан бері 3 898 үй су басты, оның ішінде 1 220 үйден су кетті. Қазіргі сәтте облыста 2 678 үй және 626 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы өңір бойынша 143 88 адам эвакуацияланды, олардың – 3 596-сы бала. Бүгінгі күнге 5 567 адам үйлеріне қайтты, олардың 2 030-ы — бала. Эвакуациялық пункттерде 8 821 адам, оның 1566 бала қалып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz