«Қызылжар барысы-2024» турнирінің жеңімпазы — Алтынбек Аусағитов

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін қазақ күресінен «Қызылжар барысы — 2024» облыстық турнирінің жеңімпазы анықталды. Дәстүрлі жарысқа өңірдің аудандары мен қаладан бірнеше балуан қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар барысы» турнирі республикалық «Қазақстан барысы» додасының өңірлік кезеңі болып табылады. Биылғы сынға 32 балуан қатысты. Олар 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өңірдің үздік спортшысын анықтау мақсатында боз кілемге шықты.

Ақтық сында Қызылжар ауданының балуаны Әділет Мырзаш пен Уәлиханов ауданының тумасы Алтынбек Аусағитов кездесті. Бескөлден келген спортшы алғаш рет «Қызылжар барысы» турнирінде бағын сынап, 18 жастағы Әділет күміс жүлдегер атанды.

— Бұл менің осымен 4-рет «Қызылжар барысына» қатысуым еді. Бұған дейін күмісті де, бірнеше мәрте алтынды да еншілеген болатынмын. Биыл жас балуанмен күресіп, жеңімпаз атандым. Алдағы уақытта «Қазақстан барысы» турнирінде барымды саламын, — дейді «Қызылжар барысы — 2024» турнирінің жеңімпазы Алтынбек Аусағитов.

Бірінші орын иегеріне 500 мың, екінші сатыға жайғасқан спортшыға 200 мың үздікті үштікті түйіндеген балуанға 200 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz