Су тасқынынан зардап шеккендерге баспаналар маусым айында беріле бастайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге «Солнечный-2» шағынауданында үйлер тұрғызылуда. Олардың құрылысымен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Солнечный-2» шағынауданында құрылыс жұмыстары сәуірдің 25-сі күні басталды. Қазіргі уақытта толықтай 100 үйдің іргетасы құйылып, 30-ға жуық баспананың қабырғасы қаланған. Құрылыс жүмыстарына 500-ден астам адам жұмылдырылған.

— Үйлердің құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Үйлер 3 бөлмелі 80 шаршы метрден болады. Барлық баспананың келбетін бірдей салып жатырмыз. Бұл ықшам ауданға барлық инфрақұрылым тартылған. Үйлерде жарық, су, жол барлығы бар. Құрылысқа тек отандық өнімді қолданып жатырмыз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Баспана салу жұмыстарына 10 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Мамандардың сөзінше, маусым айында үйлер толығымен пайдалануға беріледі.

— Егер еңбек күші жеткіліксіз болса сіздер «enbek.kz» порталына кіріп, сол жерден білікті мамандарды шақыра аласыздар. Барлығы басқа облыстарға шығып көмектесуге дайын. Біз бұл тізімді арнайы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында жасадық. Және міндетті түрде жұмысшылармен ресми түрде еңбек шартын жасаңыздар. Олардың зейнетақы қорларына да ақша жіберіңіздер, – деді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz