Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданының ауылдарын аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға барды. Өңір басшысы Боголюбово, Прибрежное, Надежка, Тепличное және Соколовка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтарға үйді жөндеу және сатып алу бойынша ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қызылжар ауданында 1,5 мың үйді су басты, бүгінге дейін 500-ге жуық үй тексерілді. Тұрғын үйлердің пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін техникалық зерттеу жүргізілуде. Үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарымен Қызылжар және Аққайың аудандарының механикаландырылған жасақтары айналысуда.

Баспана иелері үйлерін өздері де жөндей алады. Ол үшін мемлекет үй иесінің шотына ақша аударады, сомасы бағалау комиссиясының шешіміне байланысты болады.

Аудан басшылығына үйлерді бағалау және техникалық зерттеуді жеделдетуді тапсырдым-, деп жазды өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz