Тайыншадағы 3 кәсіпорын 1 миллиард теңгеге жуық салық төледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге Тайынша ауданындағы «Bio operations» зауытының, шошқа кешенінің және «EMC agro» ет комбинатында болды. Үш кәсіпорын 2021 жылды оң нәтижемен аяқтап, бюджетке 1 миллиард теңгеге жуық салық пен міндетті төлемдерді аударды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы «Bio operations» зауыты өткен жылы 3 мың тонна биоэтанол өндіргенін, биыл өндіріс көлемін 2,5 есе ұлғайтуды көздеп отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ 2021 жылы кәсірорын 6 мың тонна глютен мен 23 мың тонна крахмал өндірді, олардың көлемі де айтарлықтай ұлғаяды. Бүгінгі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.
-Өткен жылы шошқа кешенінің жаңа корпустары салынып, қуаттылығы 50 мыңнан 100 мың басқа дейін өсті. Кешенде 180 адам жұмыс істейді. 200 мың басқа дейін кеңейту жобасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары көктемде басталады, деді Құмар Ақсақалов.

screenshot 34

screenshot 31 screenshot 30
Ет комбинаты 132 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Күніне 1,5 тоннаға дейін шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығарылады. Кәсіпорын өндірісті ұлғайта береді, өйткені импорттық тауарды алмастыру қажет.
— Бүгінде Қазақстанда ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету 68 пайызды құрайды. Яғни, 32 пайызды басқа елдерден әкелінеді. Ет өңдеу үлесін көбейту жұмыстары жалғасады, деді өңір жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz