Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданына барды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс әкімі Шөптікөл ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде өзекті мәселелерді талқылап, жұмыс жоспарын белгіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде Шөптікөлде «Адани агро» серіктестігі мал бордақылау алаңын салуда. Биыл аудандағы 4 мектепте, соның ішінде Шөптікөл ауылында күрделі жөндеу жүргізілуде. Былтыр Шөптікөл ауылының 3 көшесіне асфальт төселді, жұмыс жалғасады.

-Биыл Червонное, Бірлік, Буденное, Тоқсан би, Разгулное ауылдарында ішкі жолдар жөнделмек. «Рузаевка-Шұқыркөл-Новоселовка» жолының 18 шақырымын, «Шұқыркөл-Андреевка-Раисовка» жолының 13 шақырымын жөндейміз. Көкалажар, Рузаевка, Ставрополка ауылдарында су желілері жақсартылады, — дейді өңір жетекшісі.

Қазіргі уақытта облыста 11 сүт фермасы салынып жатыр. Оның үшеуі – Ғ.Мүсірепов ауданында.

-Сапар барысында «Возвышенка СК» серіктестігінің 1,8 мың сиырға арналған сүт фермасының құрылысын тексердім. Бұл облыстағы ең үлкен сүт кешені болмақ. Малдың алғашқы легі келіп те үлгерді. ЖШС директоры Абдурахим Нукаев Возвышенка ауылының қалай дамып жатқанын көрсетті. Әр үйде газ, су бар. Демалыс орталығы салынды. Серіктестік өз қызметкерлеріне 15 үй салып берді. Абдурахим Нукаевқа ауыл тұрғындарына жасаған жағдайы мен қамқорлығы үшін алғыс білдірдім. Шаруалардың ауылға деген қарым-қатынасы осындай болу керек, — деп жазды Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Фото: Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz