Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтті. Семейде «Елімай» командасы «Қызылжар» клубын қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ойын басталысымен семейліктер матч тізгінін өз қолдарына алды. Қауіпті шабуылдауға кіріскен «Елімай» аяқдошыларында есепті ашуға бірнеше мүмкіндік болды. Алайда қырағы қызылжарлық қақпашының арқасында көпке дейін 0:0 есебі сақталды.
Екінші таймда Семей ойыншылар қайта шабуылдауға кірісті. Бұл кездесудегі бірінші әрі жалғыз гол ойынның 88 минутында соғылды. Осылайша жерлестеріміз Қазақстан кубогы турнирінен шығып қалды.