Малдың қиы кәдеге жарады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданы Меңкесер ауылында органикалық тыңайтқыш шығаратын шағын кәсіпорын жұмысын бастады. Мұнда малдың қиы енді қоқысқа төгілмей, пайдаға жаратылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Мәмбетов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егін егіп, мал өсірумен айналысады. Енді шаруашылық малдың қиын егіншілікте қолданбақ. Жоба – «ірі қара малдың қиын сепарациялау» деп аталады. Түліктің қиы азот, фосфор және калий секілді химиялық элементтерге бай. Табиғи тыңайтқыш қолданылған жерден нәтижесінде екі есе мол өнім алуға болады екен.

Технология Түркия елінікі, кәсіпкер қажетті қондырғыны 150 млн. теңгеге сатып алған. Қазір ол тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Техниканы қашықтан басқаруға да болады.

— Бізге осындай жобаны жүзеге асыру туралы ой 2 жыл бұрын келген. Осы аралықта технологиямен таныстық. Қажетті ақпарат жинадық. Бүгін соның нәтижесін көрудеміз. Бұл тыңайтқыш — 100 пайыз табиғи өнім. Ешқандай химиялық қоспа болмайды. Алдымен өзіміздің егістіктерде топырақты құнарландыру үшін пайдаланамыз, —  дейді серіктестіктің бас директоры Ойрат Нұрмағамбет.

Қондырғыны жеткізуші компания өкілдері шаруашылыққа арнайы келіп, техниканы орнатып берген. Айтуларынша, малдың қиы 100 пайыз өңдеуден өтеді. Бұл — экологиялық жағынан  өте тиімді жоба.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz