Су тасқынынан 9761 бас мал қырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су басқан өңірлерде мал шығыны өтеле бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

— Мал шығыны мен төлемақыға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Әр өңірде жедел штаб құрылған, олар жұмыс істеуде. Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-ы жойылды. Қырылған мал шығынын өтеудің алгоритмі бар, құжаты бар мал шығыны бюджет есебінен өтеледі. Ал құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.

Министрдің мәліметінше, 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 млрд 198 млн теңге бөлінген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz