Жеңілатлет Антонина Чернышова – екі алтын медальдің иегері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өзбекстан астанасы Ташкентте жеңілатлетикадан Орталық Азияның ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге өңір спортшылары да өнер көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Өңір намысын қорғаған Антонина Чернышова екі бірдей алтын медальға қол жеткізді.

– Антонина Чернышова кедергілермен 100 метр қашықтыққа жүгіруден біріншы орын иеленді. Ол мәре сызығын 14:10 секунд ішінде кесіп өтті. Сондай-ақ спортшы ұзындыққа секіруден сынға түсіп, 5 м 91 см-ге секіріп, алтын жүлдеге қол жеткізді, — дейді баспасөз қызметі.

Орталық Азияның ашық чемпионатына 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz