Кәсіпкерлерге электр қуатының бағасы төмендетіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық бизнесмендер электр энергиясы үшін азырақ төлейтін болады. Баға 7 пайызға төмендемек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнергосбыт» ЖШС заңды тұлғалар үшін электр энергиясына бағаны (ҚҚС-сыз) 1 кВт/сағатына 27,87 теңгеден 25,88 теңгеге дейін, яғни 7,1%-ға төмендетпек. Жаңашылдық 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

— Бағаны төмендету табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды, – деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл жұмыс мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

— Бағаларды төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (өзге тұтынушылар) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Севказэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше бағаны төмендетуге әсер етті. Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шал Ақын, Аққайың, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Жамбыл, Тимирязев аудандарының бизнес өкілдері «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар, – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz