СҚО шабандоздары «Ұлы дала жорығы — 2024» марафон-бәйгесінде үздік үштікке ілінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Солтүстікқазақстандық шабандоздар биылғы «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы «Amanat» партиясы СҚОФ жауапты хатшысы Жеңіс Асанов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Оның сөзінше, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғашқы кезеңінде СҚО командасы 100 шақырымды 5 сағат 51 минуттың ішінде бағындырды. Өкінішке қарай, екі жүйрігіміз жарыс жолынан шығып қалды.
— Шығыс Қазақстан облысының жігітері бірінші күннің жеңімпазы атанды. Екінші болып мәре сызығын Маңғыстау облысы қиды. Жарыстың екінші кезеңі бүгін, яғни, 20 мамырда басталады. Жалпы жол қашықтығы — 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады, — деді Жеңіс Асанов.
Биылғы ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін жарыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz