Петропавлдың бірінші гимназияның оқушысы Егор Глухих Бразилиядағы лингвистика бойынша халықаралық олимпиадаға қатысатын болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлап отыр, деп жазады Qyzyljarnews.kz.
Егор Глухих – 11-ші сынып оқушысы. Биыл жерлесіміз облыстық кейін республикалық олимпиадада сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде Азия-Тынық мұхиты олимпиадасында екінші орынды қанжығасына байлады. Бұл жетістігі оған халықаралық байқауға қатысуға мүмкіндік берді.
– Бұл олимпиадаға үш бойы дайындалдым. Жылда тек қалалық додаларда жоғары орындарға қол жеткізіп келдім. Биыл сәті түсіп, әлемдік деңгейдегі байқауға қатысуға мүмкіндік алдым, – дейді Егор Глухих.