Жылу-электр орталығын жөндеуге 17,6 млрд теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтіп, жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл «Севказэнерго» АҚ Петропавл 2-жылу-электр орталығын жөнге келтіруге 17,6 млрд теңге жұмсамақ. Бұл қаржыға 4 қазандық мен 3 турбоагрегатты күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ мұржаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жаңа мұржаның құрылысы жүріп жатыр.

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік тарату компаниясы» АҚ 402 шақырым электр желісін және 54 қосалқы станцияны жөндеуді және қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

«Көкшетау Энерго» ЖШС-і 1070 шақырым электр желісі мен 186 қосалқы станцияны жөндейді.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС-і 7 шақырым жылу желісін жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Екі жылу магистралінің құрылысы да аяқталады.

Облыста бюджеттік ұйымдардағы 151 қазандықты ауыстыру жоспарланған.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға жоспарланған барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, алдағы жылу беру маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz