СҚО әкімі Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша бір жолғы төлемді жасау, баспананы беру және жөндеу бойынша ортақ ережелер қабылданған. Біз заң аясында жұмыс жасауымыз қажет. Бұл «қызыл аймаққа» да қатысты. Мен су басу қаупі бар жерден тұрғындардың көшіп кету ниетін түсініп отырмын. Дегенмен, Бескөлдегі үйлер техникалық зерттеудің нәтижесі бойынша  жөнделеді немесе бұзылады , — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

011a7724 ea3c 405a b99a 5278ad68a414

Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағалауындағы құрылыс жүргізуге тыйым салынған аймақты 100 метрден 1 шақырымға дейін кеңейту туралы ұсыныспен ҚР Парламенті Сенатына хат жолданды.  Бұл мәселелер заңмен реттелуі керек деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, облыс бойынша су тасқынынан 3 898 үй зардап шекті, бүгінде тұрғын үйлерді бағалау және техникалық зерттеу бойынша барлық жұмыстар аяқталды.  25 мамырға дейін сметалық есеп, баспананы техникалық зерттеу және бағалау бойынша құжаттамаларды беру аяқталады.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Солнечный 2» шағын ауданында 520 үйдің құрылысы жүргізілуде және пәтерлер алынуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz