СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тауып, 24-і жарақаттанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жыл басынан бері 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 24-і түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде полицейлер жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 315 дерегін анықтады. 25-сінде теміртұлпарды тізгіндегендер жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

 

 — Жолды белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту — жолдарда ең жиі тіркелетін деректердің қатарында. Мәселен, 20 мамырда аяқталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы 10 күні ішінде облыста жаяу жүргіншілер 315 рет жол жүру ережесін бұзған. Бұл көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережесін бұзудан әлдеқайда көп, мұндай 29 факті тіркелген. Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Естеріңізде болсын, жолдағы қауіпсіздік жеке тәртіптен басталады, — дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz