СҚО-да фермерлерге арналған семинар өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Бұл жолы өңірдегі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ірі қараны қолдан ұрықтандыру тақырыбында дәріс оқылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Семинарда Алматы қаласының Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісті. Олар ірі қара малды қолдан ұрықтандырудың жаңа тәсілдері туралы айтты.

Оқу жиынға қатысушылар білікті мамандарға өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап ала алды. Тәжірибелік бөлімде жергілікті фермерлер шет елден келген мамандардың жұмысымен танысып, облысымыздағы шаруашылықтардың бірінде тәжірибе жинақтайтынын атап өткен жөн.

– Семинардың тақырыбы –асыл тұқымды бұқалардан тұқым алып, осы жергілікті шаруашылықтардағы сиыр мен қашарларды ұрықтандыру. Осыған байланысты біз әдейі Қазақстандағы ең алдыңғы, беделді мамандарды шақырып отырмыз, — дейді СҚО ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Алтынбек Абдуллаев.

Бұған дейін институт ет өндірісін дамыту және шем-жөп дайындау әдісі бойынша тәжірибелік жиындар өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz