Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Салдарынан 48 жастағы ер азаматты күйік шалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға сағат екі шамасында орын алды. Қызыл жалын 120 шаршы аумақты шарпыды.
– 4-ші Строительный, 7 мекенжайында орналасқан баспанаға дереу өртсөндірушілер жіберілді. Құтқарушыларға қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті «Гладких» ЖШС көмектесті. Өрт сағат 03:25 ауыздықталды. 48 жастағы үйдің иесі ауруханаға жатқызылды. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалды. Науқастың жағдайы ауыр, – дейді баспасөз қызметі.