Жаңа оқу жылына 29 автобус сатып алынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы үш жылдың ішінде облыстағы білім саласының бюджеті 1,3 есеге өсіп, 155,4 млрд. теңгені құрады. Биылғы оқу жылында оқушыларды мектепке жеткізу мақсатымен 29 автобус сатып алынды. Қыркүйектің 1-не дейін тағы 20 жаңа көлік автобус паркін жаңартпақ. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар алаңында СҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Татьяна Протопопованың айтуынша, биыл облыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, осы мақсатқа бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді.

– Жаңа оқу жылында бұл жұмыс жалғасын табады. Бүгіндері қажетті қаражат қарастырылған. Ол шамамен 6,7 млрд. теңгені құрамақ. Нәтижесінде химия, физика, биология және география пәндеріне арналған 45 кабинет жаңартылады. Өткен жылы 55-не қажетті техника сатып алынды, – деді Татьяна Протопопова.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өткен оқу жылында 50 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 4 млрд. теңге жұмсалды. Жазғы уақытта 6 млрд. теңгеге тағы 51 оқу ғимарат жөнделеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz