Елімізде пәтер және мүлік иелері кооперативіне жауапкершілік күшейеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жаңа заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі айқындалмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізілді.

— Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасының мақсаты – тұрғын үй қорын басқару жөніндегі қызметті жетілдіру, басқару процестерін цифрландыру. Пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктеріне арналған бірыңғай талаптарды белгілеу. Сонымен қатар тұрғын үй инспекцияларының функцияларын кеңейту, — деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі айқындалады.

— Сондай-ақ, үйлерді басқару жүйесіне қатысушыларға әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Заң жобасын жұмысқа алуға және олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайынбыз, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz