СҚО-да Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешенінің құрылысы басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұмрмұхамбетов жұмыс бабымен Қызылжар ауданында болды. Новоникольское ауылында «Зенченко и К» КС ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруіне барлық жағдайды жасауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өңір басшысы жұмысшыларға арналған тұрғын үйлерді, әлеуметтік және спорт нысандарын аралады. Ауылда балалар-спорт алаңы салынуда. Жуырда дүкен ашылып, онда жергілікті өнім сатылады.

Геннадий Зенченко көкөніс қоймасының жұмысын да көрсетті. Тамшылатып суару жүйесі де белсенді түрде қолданылуда.  Майлы дақылдарды өңдейтін зауыт та ашылады, қазір қондырғыларды орнату жүргізілуде.

8 мың басқа арналған сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен ферма болмақ. Ферма 7 кешеннен тұрады, тек біреуінде 1,3 мың басқа дейін болады. «Карусель» сауын қондырғысының өнімділігі сағатына 700 басқа жетпек, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Новоалександровка мен Трудовое ауылдарында облыс басшысы еңбек ұжымымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстары тақырыбы бойынша диқандармен әңгімелесті. Қазір қолайлы күндерді барынша пайдаланып, егіс науқанын уақтылы аяқтау керектігін атап өтті өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz