СҚО-да құрылыс жасақтары құрылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға көмектесу үшін  құрылыс жасақтары құрылды. Бұл бастаманы «Ауыл» партиясы көтерген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жасақтарымен кездесіп, белсенділік танытқаны  үшін алғыс айтып, бұл қозғалыстың маңыздылығына тоқталды. Жасақтардың қатарында құрылыс бойынша маманданған жергілікті колледж студенттері болады.

Бүгінде облыста инфрақұрылымды салу және қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.   Барлық аудандардан келген механикалық бригадалар зардап шеккен аудандар мен ауылдардағы үйлерді қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккен тұрғындар үшін пәтерлер сатып алынуда.

Солнечный-2 шағынауданында 520 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда құрылыс бригадаларының көмегі мен еңбегі өте маңызды болмақ. Зардап шеккендердің жаңа үйлерге тезірек қол жеткізуі үшін барлық күш пен құралдарды пайдалану керек, деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz