Көлік ұрлығы тыйылмай тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Автокөлік құралдарын ұрлау және оларды заңсыз иелену фактілерінің алдын алу мақсатында 20-23 мамыр аралығында облыс аумағында «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері  гараж кооперативтерінде, көлік жөндейтін жеке шеберханаларда, жөндеу станцияларында,  автотұрақтарда,  базарларда және  дүкендерде ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар ұрланған көліктер сатылуы және қосалқы бөлшектерге бөлінуі мүмкін орындарды, көлік құралдарының агрегаттық мәліметтерін өзгерту деректерін анықтауға бағытталды.

Жыл басынан облыста бір автокөлік ұрлығы және көлікті  заңсыз иемденудің 11 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың барлығы ашылды. Көлікті айдап әкетуге түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Мәселен, жүргізушілердің бірі дүкеннің жанында автокөлігін оталып тұрған қалпында құлыптамай қалдырып кеткен. Бұдан бөлек, автодабылмен жабдықталмаған, жарық түспейтін учаскелерде, бейнебақылау жүйесі жоқ аумақтарда қаңтарылып тұрған тұрған көліктер де қылмыс нысанына  айналуы мүмкін. Автокөліктердің иелерінен өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауын сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz