Петропавлда зардап шеккен 31 отбасы пәтерге ие болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

CҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шегіп, қалпына келмейтін баспананың орнына пәтер алған қала тұрғындарының шаңырақтарына барып,  қоныс тоймен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Юлия Сабитова ұлымен және ата-анасымен бірге үш бөлмелі пәтерге көшті.  Осыған дейін Ойқала шағын ауданында, Калюжная көшесінде тұрған.

Ал Қуаныш пен Гүлден Серіковтер жаңа үйден  бір бөлмелі пәтерді таңдады.  Олар екі бала тәрбиелеп отыр.  Перминов көшесіндегі ескі үй  тұруға жарамсыз деп  танылып, отбасыға тез арада пәтер берілді.

Президенттің тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі күні олар үшін Петропавлдан 31 пәтер сатып алынды.  Бұл жұмыс жалғасуда.  Пәтерлер пулы жасақталды, оларда таңдау бар: пәтер алып немесе Солнечный-2 шағын ауданында салынып жатқан 520 үйдің бірінің иесі бола алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz