Колледж студенттері үстел теннисінен сынға түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Борки кентіндегі жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Сұңқар» облыстық спартакиадасы бағдарламасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы жарысқа облыстың 7 колледжінен 32 студент қатысты. Дәстүрлі турнирде жүлдегерлер анықталды. Осылайша, ұлдар арасындағы өткен сында жоғары СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне бұйырса, үшінші сатыға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж командасы жайғасты.

Қыздарда бірінші орын Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне берілсе, күміс медальдарды жоғары құрылыс-экономикалық колледжі еншіледі. Үздік үштікті жоғары СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz