СҚО әкімі мен Ауыл шаруашылығы министрі жиналыс өткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен көктемгі дала жұмыстарының барысы және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Жиынға мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту және қайта өңдеу өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу мәселелері талқыланды.  Міндеттерді орындау үшін тиісті ведомство жол картасын әзірледі және көрсеткіштерді белгіледі.

Мемлекет егіс науқанын оңтайлы мерзімде ұйымдастыру және сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиында серіктестік басшылары аграрлық саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz