СҚО-да тасқын кезінде 360 кәсіпкер қаржылай көмек көрсетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

СҚО әкімі мен Ауыл шаруашылығы министрі «Пальчик» жеке кәсіпкерлігінде болып, сүт зауытының жұмысымен танысты. Бүгіндері кәсіпорынның тауары еліміздің өзге өңірлерінде де танымал.

Ал Светлана Карабанова  ешкі фермасын ұстайды. Арнайы қондырғыларда ешкі сүтінен йогурт, балмұздақ және ірімшік өнімдері өндіріледі.

Сондай-ақ, министр мен облыс әкімі «Нурсен Агро» және «Полудинское» ЖШС егістік алқаптарын аралап, ауданның астық өндірушілерімен кездесу өткізді.  Облыс әкімі егіс жұмыстарын уақытылы аяқтап, ауылдарды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынының салдарын жоюға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлген диқандардың үлесін атап өтті.

Олардың қатарында «Зенченко и К», «Ноғайбай» ЖШС және басқалары бар.  Барлығы 360 серіктестік пен кәсіпорын көмек көрсетті.  Солтүстікқазақстандықтардың атынан кәсіпкерлерге  облыс үшін қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz