Лига кубогы: «Қызылжар» клубы «Тараз» командасын ұтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде футболдан Лига кубогы турнирі өтуде. Бірінші турда «Қызылжар» клубы «Тараз» командасымен ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Аталған турнирдің соңғы екі ойынында А тобында «Тараз» бен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал) кездесті.

Биыл бірінші лигада ойнап жүрген тараздық футболшылар петропавлдық клубқа лайықты қарсылық көрсетті. Кездесу барысында алғашқы болып «Тараз» сапынан Абзал Мұқанбетжанов 13-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін «Қызылжардан» Борис Цмилянич 58, Ұлар Жақсыбаев 90-минутта екі гол соқты. Осылайша петропавлдық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, аталған турнирді жеңіспен бастады.

Ал «Қайрат» өз алаңында «Ақжайық» қақпасына жауапсыз тоғыз гол соқты.

Кездесу барысында алматылық клубтан Жоао Паоло 38, 43, 74-минутта хет-триктің авторы атанды. Оған қоса Александр Широкобоков 13, Иброхимхалил Юлдошев 28, Вячеслав Швырев 33, Элдер Сантана 51, Әділет Сәдібеков 58, Георгий Зариа 78-минутта мергендік танытты.

Нәтижесінде «Қайрат» қарсыласын 9:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz