Түзеу мекемелеріне ұялы телефондарды өткізудің 6 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелеріне жалпы саны 27 ұялы байланыс құралдарын өткізудің 6 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуіне ескерту жасалды. Тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында қызметкерлер қызметтік иттерді пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдеуді жүзеге асырады.

Мекеме аумағына кіретін және шығатын барлық тұлға жеке тексеруге арналған және киім астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық затты анықтауға қабілетті рентгенскопиялық сканер арқылы тексеріледі. Сонымен қатар орнатылған рентген-телевизиялық қондырғы сөмкелерде, сәлемдемелерде, сауқаттарда, бандерольдерде және багаждарда тасымалданатын барлық жасырылған затты анықтауға кепілдік береді. СҚО ҚАЖД Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті үшін әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 287, 296, 297-баптары) көзделгенін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz