Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мамырдың 27-не келіп түскен ақпаратқа сәйкес, егіс алқаптарына ауылшаруашылығы дақылдарының 53 пайызы сіңірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, егіс алқабының 1,6 млн. га дәнді және 468 мың га майлы дақылдар егілді. Бүгіндері бұл жұмыстарға 12,7 мың техника, оның ішінде 1,5 мың заманауи жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылған.
– Ылғалды жабу 4,5 млн. га алаңда аяқталды, 937,7 мың га алаңда 69,2 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңірілді. Барлығы 3 млн. га-ға 256,6 мың тонна сіңіру жоспарлануда. Диқандар литріне 250 теңгеден арзандатылған ЖЖМ-мен қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау биыл 60,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығына 20,4 млрд. теңге, — дейді баспасөз қызметінде.