СҚО-да тасқыннан кейін беріктігі жоғары металл бағандары орнатылуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов екінші жылу электр орталығында жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізіп, «Севказэнерго» АҚ кәсіпорындарының есебін тыңдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Биыл «Севказэнерго» АҚ ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарына 17,6 млрд теңге бөлді.  Қазір бір қазандық пен екі турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде.  Сондай-ақ бір қазандық пен бір турбоагрегат қайта жаңғыртылуда. Мұржаға тексеру жүргізіледі.  Компания басшылығы алдағы жылыту маусымында облыс орталығын 2 мұржа жылумен қамтамасыз етеді деді.  Сонымен қатар, жаңа мұржаның құрылысы жүргізілмек.

«СК РЭК» АҚ 401 шақырым электр желісін және 18 қосалқы станцияны жөндеу және қайта құруды жоспарлап отыр.  Су тасқыны кезінде 700-ден астам электр бағаналары зақымданған.  Бүгінгі таңда 200-ден астам бағана қалпына келтірілді.  Сонымен қатар, су тасқынының ерекшеліктері ескеріліп, беріктігі жоғары металл бағандары орнатылуда.

Инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар, компания әкімдікпен бірлесіп инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде ауылдардағы тозығы жеткен электр желілерін жаңартуға несиелік қаражат тартуды жоспарлап отыр.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС 6,4 шақырым магистральдық және тарату желілерін жөндеп, қайта қалпына келтіреді.  Сондай-ақ, Сәтпаев көшесіндегі жылу магистралінің құрылысы аяқталады, Ружейников көшесіндегі жылу магистралін жаңғырту басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz