СҚО-да суға шомылуға арналған 60 орын дайындалмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл суға шомылу маусымында өңір тұрғындарына 60 арнайы орын дайындалады. Олар облыстағы 13 көл мен Есіл өзенінің жағалауларында шоғырланбақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, өңірде 60 өзен, 2148 көл және 117 қазаншұңқыр бар. Соның ішінде Есіл өзені, Соленое, Лебяжье, Үлкен Тораңғұл, Шалқар және Имантау көлдері қауіпті су айдындары болып есептеледі.

— Өткен жылы облыста 5 адам суға шомылып, қайтыс болды. Барлық фактілер тыйым салынған жағажайларда тіркелді. Айта кеткен жөн, соңғы 10 жылдың ішінде суға шомылуға арнайы жарақтандырылған демалыс орындарында бір де бір қайғылы жағдай тіркелмеді,  — дейді Мұрат Қанғожинов.

Жыл басынан бері ел аумағында 12 адам суға кетті, соның екеуі – бала. Жалпы былтыр 177 адам, соның ішінде 53 баланың өлімі судан болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz