Сәуір айы басталғалы бері СҚО-да 247 адамды кене шақты. Оның 71-і – кәмелеттік жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзімге сәйкес өңірде 327 адамды кене шаққан.
– Көктемде кене қауіпті болып келеді. Осы уақытта олар кене энцефалиті, тиф, туляремия, Лайм ауру мен геморрагикалық лихорадка сынды жұқпалы инфекцияларды таратады. Өткен аптаның ішінде облыста кене 49 адамды шақты. Оның 14-і – 14 жасқа дейінгі балалар, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.