СҚО-да үздік педагог-психологтар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «Үздік психолог – 2024 жылдың новаторы» республикалық онлайн байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. «El Umiti» корпоративтік қоры өткізген сайыста жүлдегерлердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, байқау 3, 7 және одан көп уақыт бойы психолог болып қызмет етіп жүрген педагогтар арасында ұйымдастырылды. Әрқайсысында жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері анықталды. Осылайша, жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі мамандар арасында бірінші орынды «Дарын» мектеп-лицейі» КММ-ның педагог-психологы Дамир Байқадамов иеленді. Күміс жүлде «№2 Мамлют орта мектебі» КММ-ның қызметкері Надия Федосееваның еншісінде. Ал үшінші орынға Тимирязев ауданындағы Степной орта мектебінің мұғалімі Русалина Тухватуллина қол жеткізді.

Еңбек өтілі 7 жылға дейінгі жететін мамандар қатарында жеңіс Ақан-Барақ орта мектебінің психологы Юлия Даниловаға бұйырды. Екінші орынды Шал ақын ауданындағы Мерген негізгі білім беру орнының қызметкері Наталья Кириченко иеленді. Үздік үштікті тағы бір шалақындық Кеңес орта мектебінің мұғалімі Қуаныш Мұхамедина қорытындылады.

Педагог-психолог қызметінде 7 жылдан артық уақыт бойы еңбек етіп жүрген Жамбыл ауданындағы Архангелка орта мектебінің қызметкері Светлана Корнева бірінші орын иегері атанды. Екінші орын Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Бастомар орта мектебінің психологы Татьяна Кириченко мен Мамлют ауданының Бексейіт орта мектебінің мұғалімі Әлия Нұрсүйітова қол жеткізді. Қола жүлдені үш бірдей маман қанжығасына байлады. Олардың қатарында Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінен Валентина Шель, Жамбыл ауданының Шаховское ауылындағы оқу ордасынан Елена Давидович және Мағжан Жұмабаев ауданының Полтавка орта мектебінен психолог Галина Волкова да бар.

Байқаудың шарты бойынша енді республикалық онлайн сайыста өңір намысын бірінші орын иегерлері қорғамақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz