Мамыр айында СҚО-да 52 ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жоспарлы ветеринарлық шаралар аясында өңірдің алты ауданында бруцеллездің 244 дерегі тіркелді. Соңғысы Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында анықталды.
– Биыл Айыртау ауданында – 77, Ақжарда – 20, Аққайыңда – 15, Қызылжар ауданында – 129, Тимирязевта – 1 және Уәлиханов ауданында 2 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Бүгінгі таңда Ленинское және Докучаево ауылдарында шектеу шаралары енгізілді, — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бруцеллез жеке тұрғын үйлердің қора-қопсыларында ғана емес, шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде табылды.